Экономика • 14 Қазан, 2022

Көмір 11%-ға қымбаттады

761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Көмір 11 пайызға қымбаттады, деп хабарлайды Egemen.kz Energyprom.kz сайтына сілтеме жасап. 

Көмір 11%-ға қымбаттады

Биыл қаңтар-тамыз айларында қоңыр көмір мен көмір концентратын қосқанда көмір өндіру көлемі 76,5 млн тоннаны құраған, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,5%-ға артық. Ондағы 70,6 миллион тонна - тас көмір, 3,1 миллион тонна - қоңыр көмірге және 2,7 миллион тонна - көмір концентратына тиесілі.

Жалпы алғанда Қазақстанда көмір өндірісінің үштен бірі экспортталады. Материалда көрсетілген деректер бойынша экспорт 20,9 млн тоннаны құрайды, өткен жылмен салыстырғанда 16,3%-ға өскен.

Енді Қазақстандағы бағаларға оралсақ, қыркүйек айының қорытындысы бойынша көмір айына 3%-ға және жылына 11%-ға қымбаттаған. Сәйкесінше, 1 тонна көмірдің орташа бағасы бір жылда 13,7 мыңнан 15 мыңға көтерілген.

Ең қымбат көмір Тараз бен Оралда - тоннасына 19,5 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ жоғарғы баға есебіне Жезқазған (16,4 мың), Алматы (16,2 мың), Талдықорған (16 мың) қалалары да кіріп отыр.