Әлем • 14 Қазан, 2022

КХДР Жапон теңізіне зымыран ұшырды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін КХДР Жапон теңізіне қарай баллистикалық зымыран ұшырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

КХДР Жапон теңізіне зымыран ұшырды

Бұл туралы Kyodo агенттігі Жапония үкіметіне сілтеме жасап хабарлады.

Жұма күні сағат 01:47-де ұшырылған баллистикалық зымыран шамамен 650 км ұшты.

Зымыран Жапонияның ерекше экономикалық аймағынан тыс жерде, жағалаудан шамамен 370 км қашықтықта құлады.

Жапонияның қорғаныс министрі Ясуказу Хамадтың айтуынша, КХДР ұшырған баллистикалық зымыран атиптік траектория бойынша ұшқан болуы мүмкін.

Kyodo жазғандай, осы жылдың басынан бастап КХДР құрлықаралық баллистикалық зымырандарды қоса алғанда кемінде 27 зымыран ұшыруды өткізді.