Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,53 теңгеге дейін өсті (+0,01).
Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 66,48 теңгені (-0,39) құрады.
Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 466,14 теңгеге белгіледі. Кешегі сауда-саттықта еуро бағамы 464,20 теңгені құраған.
Айырбастау пункттерінде долларды 476-479 теңгеден, еуроны - 462,5-468 теңгеден, ресей рублін - 7-7,35 теңгеден сатып алады/сатады.
Сонымен қатар 14 қазандағы сауда-саттық барысында әлемдік мұнай бағасы төмендеді.
Мәселен, желтоқсандағы Brent фьючерстерінің құны 0,76%-ға төмендеп, барреліне 93,85 долларды құрады.
WTI мұнай фьючерстері қараша айында барреліне 0,66%-дан 88,52 долларға дейін төмендеді.