Теннис • 15 Қазан, 2022

Қазақстанның жасөсіпірімдер командасы Азия чемпионатында топ жарды

224 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Таиландта 14 жасқа дейінгі ойыншылар арасында теннистен Азия чемпионаты аяқталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚТФ-ға сілтеме жасап.

Жекелей сында жоғары жетістікке алтын медаль жеңіп алған қазақстандықтар Ариана Гогулина мен Альбина Какенова қол жеткізді.

Командалық есепте капитан Владимир Честнов бастаған Қазақстан құрамасы тамаша нәтиже көрсетіп, бірінші орынды иеленді. Альбина Какенова (жаттықтырушы Марат Шарипов), Ариана Гогулина (жаттықтырушы мукам Ермаков), Арсений Требухин (жаттықтырушы Руслан Абдулатыпов), Олжас Есеналы (жаттықтырушы Владимир Честнов) командаға жеңіс алып келді.