Президент • 15 Қазан, 2022

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президент Режеп Тайип Ердоғанға жеделхатында Түркияның Бартын провинциясындағы шахтада болған жарылыс салдарынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ақпаратты терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген, деп хабарлайды Egemen.kz Президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Түркия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

– Осы орайда Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларына Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан көңіл айтып, орны толмас қайғы-қасіретке ортақтасамын. Алла Тағаладан қаза тапқандардың жаны жәннатта болуын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін, – деп жазылған жеделхатта.