Оқиға • 16 Қазан, 2022

Жаңаөзенде құқық бұзған полиция қызметкері анықталды

312 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Маңғыстау облысында полиция қызметкері жалған мемлекеттік нөмір тағылған көлікпен жүрген, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңаөзенде құқық бұзған полиция қызметкері анықталды

«6 қазан күні сағат 12:00-де Жаңаөзен қаласының патрульдік полиция қызметкерлері жалған мемлекеттік нөмірлермен жүрген Toyota Crown автокөлігін тоқтатты. Осы факті бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 4-бөлігі бойынша (Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу) әкімшілік хаттама толтырылды. Автокөлік айып тұрағына қойылды. Материал сотқа жіберілді», деп жазығлан ІІМ таратқан хабарламада.

Сонымен қатар қазіргі уақытта қызметтік тексеру жүргізілуде. Аталған қызметкердің іс-әрекетін тәртіптік комиссия қарастыратын болады.

Бір қызығы, ереже бұзған азамат тәртіп сақшылары тоқтатқан сәтте қашуға тырысқан. Кейін қаша жөнелген азаматтың полиция қызметкері екені анықталған.