Ол Үндістаннан Қазақстанға оқуға келген студенттермен кездесу өткізді. Себебі олардың 600-ден астамы осы оқу орнында білім алып жатыр.
Студенттермен кездесуде Денсаулық сақтау вице-министрі Жандос Бүркітбаев құттықтау сөзінде биылғы жыл Қазақстан мен Үндістан арасындағы достық қарым-қатынастың 30 жылдығы екенін хабарлады.
Қазіргі уақытта қазақстандық жоғары оқу орындарында Үндістаннан 5000-нан астам студент оқиды және олар шетелдік студенттердің негізгі контингентін құрайды. Вице-министр қазақстандық медициналық университеттердің білім беру бағдарламалары барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетінін және шетелдік студенттер медициналық мамандық алу үшін біздің елімізді таңдайтыны кездейсоқ емес екенін атап өтті.
Өз кезегінде қадірменді қонақ студенттер алдында сөз сөйлеп, өз елінің әрбір студенті басқа мемлекетте жүрген соң Үндістанның елшісі ретінде есептелетінін атап өтті.