Қазақстан • 17 Қазан, 2022

Биыл жол құрылысынан 5 мыңнан астам олқылық анықталды

172 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биылғы жылғы тексерісте «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» өңірлердегі жолдарға тексеріс жүргізіп, 5,1 мың қателік анықтаған, деп хабарлайды Egemen.kz Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл жол құрылысынан 5 мыңнан астам олқылық анықталды

Нәтижесінде мердігерлердің өз қаражаты есебінен 2 миллиард теңгенің жұмысын қайта жасаған. 

Сапа орталығы жосықсыз компанияларға қатысты облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармаларына 100-ден астам өтініш жолдап, нәтижесінде 18 жағдайда техникалық қадағалау мамандарының аттестаттары тоқтатылып, 2 мердігер құрылыс жұмысын жүргізу лицензиясынан айырылған.

Еске сала кетейік, Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы 2019 жылы құрылған болатын. Орталық – жолдарды салу, қайта құру, жөндеу және күтіп-ұстау, сондай-ақ жол активтерін басқару саласындағы жұмыстар мен материалдардың сапасын сараптаумен айналысады.