Мейіржан Жолдасұлының үш жоғары білімі бар. Атырау аграрлы-техникалық колледжін, Атырау мұнай және газ университетін «Жерге орналастыру», Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін «Құқық», Мәскеу экономикалық университетін «Экономика» мамандығымен бітірген.
Еңбек жолын Атырау қалалық әкімдігінде бастаған. 2013-2015 жылдары Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің маманы, бас маманның міндетін атқарушы, 2015-2016 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғындармен қарым-қатынасты үйлестіру секторының, 2016-2018 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің тұрғын үй секторында бас маманы болған.
2018 жылы «УК СЭЗ «НИНТ» АҚ-да менеджер, Атырау қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторы меңгерушісінің міндетін атқарушы, 2018-2019 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің мемлекеттік сатып алу және жоспарлау секторының басшысы болып жұмыс істеген.
2019-2020 жылдары қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімі басшысының орынбасары, 2020 жылғы маусымнан бері Атырау қалалық қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.