23 Мамыр, 2014

Мемлекет-жекеменшік серіктестігінің болашағы

380 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін
Жуырда еліміздегі мемлекет-жекеменшік серіктестігі (МЖС) секторын дамыту мәселесі жаңа белеске көтеріледі деп күтілуде. Бүгінгі таңда Қазақстанда аталған бағытты дамыту бойынша көптеген институттар бар. Соның ішінде МЖС келісімшарты тұжырымдамасы да жұмыс жасайды. Алайда, халықаралық сарапшылардың айтуынша, бұл механизмдер мемлекеттің дамуына және жаңа сызбасына сай жұмыс жасауы тиіс. Қазақстанның басты серіктестерінің бірі – Азия даму банкі (АДБ). Астана қаласында өткен банк басшыларының 47-ші алқалы жиынында мемлекет және жекеменшік әріптестігін дамыту жайы жан-жақты талқыланған болатын. Осы орайда, бұл салада  Қазақстанның тәжірибесі үлгі боларлық деп атап көрсетілді.  Дей тұрғанмен, шетелдік әріптестеріміздің қол жеткізген жетістіктерін алға тарта отырып, ол жақта бұл нарықтың айтарлықтай табысқа жеткенін көруге болады. Мәселен, МЖС-ны мық­тап дамытқан мемле­кет­тің бірі – Үндістан елі. Аталмыш елдің экономика және қаржы министрлігі департаментінің хатшысы Арвинда Майа­раманың сөзіне қарағанда, мем­­ле­кет-жекеменшік   се­­рік- ­тестігін дамыту табысқа жол ашқан. Осының арқасында елдегі әрбір жоба сүзгіден өтіп, жан-жақты талқыға түскен. Бұл жобаларды ұзақ мерзімді қаржыландыру, жобалардың қабілетін арттыру, олардың мықты базасын құру, банктерді қаржыландыруы және тағы да басқа қолдаулардың ар­қасында іске асырылған. Бірақ, мем­ле­кет-жекеменшік серік­тестігін да­мы­ту жобалары барысында тәуекелдер болатынын жасы­руға болмайды. Алайда, Үндістан бұл мәселені былай шешкен екен. «Үкімет өзін толыққанды қор­ғай білуі шарт. Сондықтан, тәуекелділікті төмендетуге ықпал етуі тиіс немесе оның басым бөлігін жекеменшік сектордың мойынына артуы қажет. Екіжақты келісім­­шарт жасалғанда тәуекел­діліктің қандай түрлері болатыны тұжырымдамада анық көрсетіледі. Онда ком­мерциялық тәуекелдік, басым қауіптілік жекеменшік сектордың мойнынан артылса, белгілі бір бөлігі ғана мемлекеттік секторға жүк­теледі. Сол себепті, бұл модельдің сәтті жүзеге асқа­нын айта аламыз». Қазіргі таңда Қазақ­стандағы мемлекет-жекемен­шік секторларын дамыту институының алдында тәуе­келд­ікті оңтайлы шешу мәселесі тұр. Сонымен қатар, мұндай мүмкіндігі бар жобаны енгізу барысында оның әлеуметтік бөлігі де назарға алынады. Мәселен, МЖС механизмін енгізу кезінде тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылық саласының қол жеткізген жетістігін айтуға болады (мұны әлемдік тә­жір­ибе көрсетіп отыр). Ең бі­рінші тұтынушыларды баға тұрақсыздығынан сақ­тау үшін баға саясатын реттеп алған абзал. Соның арқа­сында қоғамның әлжуаз топтарына айтарлықтай көмек болмақ. Дәл осы мәселені шешу үшін АДБ-ның қол­дауымен шетелдік сарапшылар көмек қолын созатын болады. Қазақстан Үкіметі АДБ-мен бірлесе отырып, қаланың инфрақұрылымын қаржыландырудың баламалы көздерін табатын болады. Осы жобаның аясында жекеменшік секторлардың жұмысына оңтайлы жағдай жасай отырып, еліміздің орта деңгейдегі қалаларының инфрақұрылымдарын жөн­деуге жол ашылады деп күтілуде. Үкімет аталмыш жобаларды іске асыру үшін қаржыландырудың баламалы көздерін тауып, тәукелділікті төмендете отырып, қалалық инфрақұрылымдарды дамытуды жоспарлайды. Дамытудың жаңа баламалы механизмдері бірнеше кәсіпорында жүргізілетін болады. Алғашқы қомақты жоба ретінде мынадай коммуналдық мекемелер таңдап алынды: «Қарағанды Су», «Қарағанды ЖылуТранзит», «Жетісу су арнасы» және «Талдықорған ЖылуСервис». Сарапшылар тобы сәуір айынан бастап, аталған кәсіпорындарда тех­никалық-экономикалық не­гіздеу жұмыстарын жүргізе отырып, таңдап алынған мекемелердің ұтымды және әлсіз тұстарын електеп өткізіп, олардың биік белеске шыға алатынын анықтайды. Қаржылық мәселесін жаңа қозғалысқа келтіру, басқарушылық, ұйымдастырушылық іс-шаралар іске асыру және тәуекел мәселесін жоя отырып, сапалы қызмет көрсетуді көздейді. Аталған жоба аясында шетелдік сарапшылардың мұрындық болуымен, таңдап алынған 4 кәсіпорынға жеке инвестиция тартып, жобаның жұмысын алға ілгерілетуге жағдай жасауына, сонымен қатар, жобаға инвестор болған азаматтардың салымдарын үстемемен кері қайтаруға кепілдік беріп отыр. АДБ-ның басты саясаты кедейшілікпен күресу және қоғамдағы кедейші­лік­ті жою болып табылады. Соған байланысты қарапа­йым  адамдарды коммунал­дық төлемдердегі баға саясаты қатты алаңдататыны даусыз. Дәл осы мәселені сарапшы­лар назарға алатын болады. Осы бастаманың  нәтижесінде Қа­зақстанда нағыз мықты на­рық­қа инвесторлар тартып, қа­лалық инфрақұрылымдарды заман талабына сай жаңғырту жұмысы белең алмақ. Жылқыбай ЖАҒЫПАРҰЛЫ, «Егемен Қазақстан».