Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде дәстүрлі брифинг өтті. Басқосуға Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Рахым Ошақбаев келді.
«Үкімет қазақстандық бизнес-қауымдастыққа ЕАЭО-ға қатысты келіссөздер үдерісіне қатысуға және оның әртүрлі бөлімдері бойынша Қазақстанның ұстанымын білдіруге толық мүмкіндік бергенін атап өткен жөн. Өткен жылдың қарашасынан бастап шарт мәтінінің ағымдағы редакциялары Ұлттық палатаға келіп жатты, біз бизнесті максималды түрде еліктіруді қамтамасыз ету үшін оларды бірден сайтқа жариялап отырдық. Барлығы алты редакция жарияланды. Қазір біздің palata.kz сайтымыздан 29 мамырда мемлекет басшыларының қол қоюына жіберіледі деп болжанып отырған құжаттың 2014 жылғы 15 мамырдағы соңғы нұсқасын жүктеп алуыңызға болады. Ол барлық қазақстандық кәсіпкерлерге құжатты зерттеп, бізге өз ұсыныстарын жіберуге мүмкіндік берді», деді Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары Р.Ошақбаев. Жіберілген ескертулер мен ұсыныстардың қорытындысы бойынша Ұлттық палатада қауымдастықтарды, сарапшылардың, бейнеконференциялар арқылы қосылған өңірлік кәсіпкерлердің отыздан аса жұмыс кеңестері өткізіліп, Шарттың әртүрлі бөлімдері талқыланған. Түрлі шараларға, соның ішінде ЕЭК Кеңесінің отырыстарының дайындықтары мен Астана, Мәскеу және Минск қалаларындағы сарапшы топтар отырыстарына қатысқан.
Шарттың барлық бөлімдері бойынша Қазақстанның кәсіпкерлік қауымдастығының позициялары жазылып, әрдайым өкілетті мемлекеттік органдарға жеткізіліп отырған. Жалпы Палата Үкіметке ресми түрде 120-дан аса ескертулер мен ұсыныстар жіберген. Нәтижесінде шамамен 90 пайызы, яғни бизнес ұсыныстарының басым көпшілігі қазақстандық келіссөздер тобының ресми ұстанымы болып, шарт жобасының қорытынды редакциясына енгізілді. Үкімет Ұлттық палатаның өкілдеріне келіссөздерге қатысуға және шарт баптарының редакцияларын жасауда сараптық деңгейде тікелей жұмыс істеуге мүмкіндік берді. «Сонымен қатар біз бизнес қауымдастықтың келіссөздерге қатысу үдерісін максималды ашық өткізіп, оны көпшілікке түсіндіруге тырыстық. 2013 жылдың қараша айынан бастап шарт жобасын талқылау аясында палата БАҚ-қа келіссөздер үдерісінің қандай да бір бөлімдері бойынша жағдай туралы мәлімдейтін 170-тен аса материалды, жоғарыда айтылған шарттың 6 редакциясынан өзге 75 жаңалықты жариялады», деген төраға орынбасары Үкіметтің бизнес қауымдастыққа ЕАЭО заңнамасын қалыптастыруға қатысу бойынша берген мүмкіндіктерінің теңдессіз екендігін де назардан тыс қалдырмады. «Салыстыра алғанда ресейлік те, беларустық та бизнес қауымдастықтарының елдің позициясын қалыптастыруға қатысу туралы айтпағанда, тіпті шарттың өзекті нұсқалары да жоқ. Бұл ескерусіз қалмады, біз ресейлік беделді қоғамдастықтардан, мысалы, Ресей өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағынан шартпен жұмыс істеу кезінде бизнес мүдделерін ескеру өтінішін алдық. Жалпы, қазақстандық тарап келіссөздер барысында бірінші вице-премьер Бақытжан Сағынтаевтың жетекшілігімен бизнес қауымдастықтың ұсыныстарының басым көпшілігін қорғап қалғандықтан, шартқа қатысты ризалығымызды білдіреміз», деді ол.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК,
«Егемен Қазақстан».

Роналду гол соға алмады: Португалия мен Конго тең түсті
Спорт • Бүгін, 00:10
Абай облысында жоғалған әйел 18 сағаттан кейін табылды
Құтқарушы • Кеше
Түрмеге ақша кіргізбек болғандардың әректі әшкереленді
Заң мен Тәртіп • Кеше
Кетер аяқ: Дастан Сатпаев дубль жасады
Спорт • Кеше
Жұмысшылар құқығы: Жаңа конституцияның мүмкіндіктері
Заң мен Тәртіп • Кеше
200 млн долларлық жоба: «Қазақмыс» өндірісті жаңа деңгейге шығармақ
Экономика • Кеше
Қазақстанда БҰҰ-ның өңірлік орталығы құрылады
Президент • Кеше
БҚО денсаулық сақтау саласындағы жанжал: басқарма жетекшісі уақытша қызметінен кетті
Заң мен Тәртіп • Кеше
Бернарду Силва ресми түрде «Реал Мадридке» ауысты
Спорт • Кеше