Қазақстан • 17 Қазан, 2022

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы тойланады

8428 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

2023 жылы Мысырда мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған Дешті Қыпшақ даласының атақты перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойы өтеді. Осыған орай Мысыр мен Қазақстан бұл іс-шараны лайықты атап өтуге әзірлік жасап жатыр. Жақында Қазақстанның Мысырдағы елшілігінен сүйіншілеген хабар, нақты іс-жоспарлар легі туралы ақпарат жетті.

Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы тойланады

Биыл 13 қыр­күйекте Ақордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Азһар уни­вер­ситетінің Жоғарғы имамы Ахмад ат-Тайебті қабылдағаны белгілі. Кездесу барысында Мем­лекет басшысы келесі жылы Сұлтан Бейбарыстың туға­нына 800 жыл толатындығын атап өтіп, мерейтойға дайындық аясында Қазақстан тарапы Каир­дегі Сұлтан Бейбарыс меші­тін қайта жөндеуге үлесін қосаты­нын айтқан болатын. Мысыр­дың Мәдениет министрі екі ел арасындағы мәдени ынтымақ­тастық­тың ілгерілеуіне көңілі толатынын, осы бағыттағы байланысты одан әрі кеңейтуді қолдайтынын білдірді.

Сонымен қатар кездесуде сұхбат­тасушылар Қазақстан мен Мысыр­дың бай тарихи-мәде­­ни мұрасы бар екенін атай оты­рып, мұрағат ісі сала­сын­дағы нор­мативтік-құ­қық­тық актілер, ақ­парат және құжат­тар, мұ­рағаттану, археография және құжаттану бойынша әде­биет­термен, сондай-ақ өзара мұра­ғаттық құжаттардың жарияланымдарымен алмасуға келісті. Бұл бағытта Ұлттық мұра­ғат қор­ларын Қазақстан мен Мы­сыр ха­лықтарының тарихы мен мәде­­ниеті туралы мәлімет­терді қам­­титын құжат­тармен толық­­­тыру мақса­тында екі мем­ле­кет­тің ұлт­тық заңнамасына сәйкес олар­­дың көшірмелерін бір-біріне сәйкес­тендіруге және беруге уағдаласты.

Қазақстанның Мысырдағы елшісі Қайрат Лама Шариф жаңадан тағайындалған Мысыр Араб Республикасының Мәде­ниет министрі Невин Әл-Килани­мен алғашқы ресми кез­десуін өткізді.

Қайрат Лама Шариф өз кезегінде Мысырда қазақстандық реставраторлар мен басқа да мамандардың біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру туралы ұсыныстарын жеткізді. Тараптар 2023 жылы Сұлтан әз-Захир Бейбарыстың 800 жылдығын атап өтудің маңыз­дылығын атап өтті.

Осыған орай Қазақстан елшісі Мысыр Мәдениет ми­нистрі­не Қазақстан Респуб­ли­касы Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан әзір­ленген ұсыныстарды табыс етті. Бірінші кезекте Каир қаласын­да күрделі жөндеуден өткен Сұлтан әз-Захир Бейбарыс ме­ші­тін салтанатты түрде ашу жос­пар­ланған. Сондай-ақ Әл-Азһар университетінде Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығына арналған халықаралық ғылыми конференция өткізілмек. Каир халықаралық қазіргі заманғы эксперименталды театр фести­валі шеңберінде Рақымжан Отар­баевтың «Сұлтан Бейбарыс» спектаклі сахналанады.

р

Мысыр тарихының мәмлүктер дәуіріне арналған араб және қазақ тілдеріндегі энциклопедиясын жарыққа шығару да жос­парда бар. Мысырда Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған пошта маркалары шығарылады.

Астана қаласында да Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдық мерейтойына арналған ғылыми конференция өткізіліп, мерекелік пошта маркалары шығарылады. Қазір Қазақстан қалаларының біріне, елді мекендердің көшелері мен алаңдарына, спорт сарайларына Сұлтан Бейбарыс есімін беру қарастырылып жатыр. Астана, Алматы, Атырау, Ақтау, Тараз, Түркістан қалаларында мәмлүктер дәуірі туралы сыр шертетін Каирдің Ислам өнері музейінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылады.

Мысыр тарапы Қазақстан Республикасының Ұлттық му­зейіне мәмлүктер дәуіріндегі жәді­герлердің көшірмелерін жасап, сыйға тартады. Барлық жоға­ры оқу орындарында Сұлтан Бей­барыстың 800 жылдығына арналған ғылыми конференция­лар мен симпозиумдар өткізу, бұл іс-шараларға мысырлық және араб мәмлүктанушы ғалымдарын шақы­ра отырып, Сұлтан Бейба­рыс­тың тұлғасын ұлықтау ісі жалға­сады. Атап айтқанда, Х.Дос­мұ­хамедов атындағы Атырау уни­верситетінде Қыпшақ мәмлүк­терін зерттеу орталығы мен мұра­жай ашу, Ақтау қаласында Сұлтан әл-Мансур Қалауын кешені үлгісінде мешіт салу мәселесін зерттеу қолға алынады.

Каспий жағалауында «Сұлтан Бейбарыс – Ұлы дала елінің барысы» атты театрлық қойылым ұйымдастырылады. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңір­лік университетінде «Атлах-Талас шайқасынан Айн Жалұт шай­қасына дейінгі кезең» атты Ор­та­лық Азия және араб тарих­шы­лары­ның ғылыми симпозиумын өт­кізу де іс-шаралар тізімінде тұр. 2023 жылдың шілде айының бірін­ші жексенбісінде, яғни Дом­быра күнінде «Сегіз ғасыр жырлай­ды» атты мәдени іс-шара ұйым­дас­ты­ры­лып, жыршылар мен мы­сыр­лық ауыз әдебиеті майтал­ман­да­ры­ның даңқ­ты Сұлтан Бейба­рыс пен бас­қа мәм­лүктер туралы «Ба­тыр­лар жыры» фольклор кеші өтеді.

Сұлтан Бейбарыстың 800 жыл­дығы шеңберінде көкпар, бәйге, жамбы ату, қазақша күрес, құсбе­гілік, асық, аударыспақ секі­лді көшпелілердің ұлттық ойын­­дары­ның халықаралық турнир­­лері ұйымдастырылмақ. Халық­­аралық түркі мәдениеті ұйымы­­ның қолдауымен Түркі­с­тан қаласындағы тарихи-мәдени алаңда «Сұлтан Бейбарыстың Ұлы далаға оралуы» атты арт-фес­ти­валь өткізу де жоспарға енді.

Өз кезегінде Мысыр Мәде­ниет министрі Невин Әл-Килани Қазақстан тарапының ұсыныс-пікірлерін қарастыруды және 23-25 қарашада Астана қаласында өтетін Сауда-эконо­микалық, мәдени-гуманитарлық және ғылыми-техникалық ынты­мақ­тастық бойынша Қазақстан-Мысыр үкіметаралық комиссия­сының 6-отырысында бірлескен шешім қабылдауды ұсынды.

 

АЛМАТЫ

Соңғы жаңалықтар