Қоғам • 18 Қазан, 2022

Онлайн-супермаркеттің игілігі

148 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Электронды еңбек биржасының базасында бірыңғай цифрлы экожүйе құрылмақ. Бұл дегеніміз – жұмыспен қамту сала­сын­дағы онлайн-супермаркет. Азаматтар экожүйе арқылы ма­мандық таңдайды, тиісінше еңбек қатынастарын да рәсім­дейді.

Онлайн-супермаркеттің игілігі

Қазір Электронды еңбек бир­жасының базасында мынадай ресурстар бар. Enbek.kz бірыңғай цифрлық платформасында жұ­мыс­қа орналас­тыру бойынша 5 онлайн алаң, жұмыспен қам­тумен айналыса­тын 44 жеке агенттік және жұ­мыс­пен қамти­тын 205 орта­лық бар.

Skills Enbek онлайн оқыту платформасы – халықтың дағ­ды­­ларын жетілдіруге бағыт­тал­ған курстар маркетплейсі. Ал HR Enbek – қызметкерлердің жұмыс жолын цифрлық есепке алу алаңы. Сонымен бірге жұмыс берушілер үшін еңбек заңнама­сының талаптарын сақ­тау бо­йынша анонимді өзін-өзі диагнос­тикалау қызметі іске қо­сылды.

Бизнес-идеяларды іске асыру үшін мемлекеттік гранттарды алудың барлық процесін толық автоматтандыру үшін енгізілген Business Enbek платформасы да бар: өтінім беруден грантты алуға дейін.

«Электронды еңбек бир­жа­сы арқылы жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік қыз­меттерді оңай алуға бола­ды. Былтыр 126 мың адам онлайн форматта жұмыссыз ре­тін­де тіркелген. Платформа ар­қы­­лы жұмыссыз қалу, суб­си­дия­ла­натын жұмыс орын­да­рына жұмысқа орналасу және жұмыс күші тапшы аймақтарға қоныс аудару бойынша әлеуметтік төлем­дерге өтініш бере аласыз. Биыл электронды биржа көме­гі­мен осы қызметті 314,2 мыңнан астам адам пайдаланды», дейді «Ең­бек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов.

Келесі жылы тағы бір ма­ңыз­ды элемент – мамандық бойынша цифрлық жолбасшы қызметі іске қосылмақ. Бұл еңбек нары­ғын­дағы барлық қолжетімді ма­ман­дық туралы ақпаратты жи­нақ­тауыштың бір түрі бола­ды. Мұнда әрбір адам нақты не­мен айналысатынын, ол үшін қан­дай білім қажет екенін, орташа жалақыны, қандай жұмыс істейтінін біле алады.