Жаңа цехта жергілікті үш адам жұмыспен қамтылған. Алдағы уақытта олардың қатары толыға түседі.
– Қысым өлшейтін құралды қолданбайтын сала жоқ деуге болады. Құбыр арқылы өндірілетін су, май, тамақ, мұнай, дәрі-дәрмек өндірісінде осындай құрал қолданылады. Мәселен тамақ өндірісінде, құбыр арқылы өтетін сұйық майдың қысымын операторлар дәл процесс кезінде бақылауы керек. Сол жұмыс осы датчик арқылы жүзеге асырылады. Бұл датчикті жасау құрылымы 13 компьютерден өтіп, соңғы нұсқа тексеріске жіберіледі, – дейді цех маманы Берік Жұмағалиев.
Жаңа цехтың өніміне мұнай саласынан бір компаниядан тапсырыс түсіпті. Болашақта тапсырыс беретін тұтынушылар қатарын көбейту көзделіп отыр. Экспортқа да шығару жоспарланған.
Атырау облысы