23 Мамыр, 2014

Қазақстан – форум төрағасы

1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы орнықты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының төрағасы болып тағайындалды. Бұл шешім 2014 жылдың 19-21 мамыр күндері Паттайя (Таиланд) қаласында өткен форумның 5-ші сессия барысында қабылданды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі. Басты мақсаттарының бірі эконо­микалық, әлеуметтік, қаржы және қорша­ған ортаны қорғау салаларын дамыту мәсе­лелеріне қатысуға әлем елдерін ынта­ландыру болып табылатын форум жұмысына өңір елдері, қызығушылық танытқан даму институттары, ғылыми және қаржылық, сондай-ақ, индустрия және бизнес ұйымдарының өкілдері қатысты. Форумға Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов қатысты. Ол планетарлық шектік көрсеткіштер шеңберіндегі бірлесіп даму мәселелері жөніндегі сессия мен министрлердің «дөңгелек үстел» отырысын өткізді. Аталған форумды БҰҰ Азия және Ты­нық мұхит мемлекеттері үшін эконо­микалық және әлеуметтік комиссиясы даму мәселелері бойынша аймақтық үнқа­тысуды қолдау мақсатында ұйым­дастырады. Шара барысында Азия-Тынық мұ­хи­ты механизмінің, сондай-ақ, осы аймақ­тың дамуы жөніндегі БҰҰ кеңесінің іс-әрекеттерінің нәтижелері қарастырылды. Сонымен қатар, жоғары деңгейде өтетін дүниежүзілік саяси форумда 2015 жылдан кейінгі мерзімге арналған мыңжылдық даму мақсаттары аясында талқыланатын мәселелер пысықталды.
Соңғы жаңалықтар

Алматыда заңсыз салынған дүкен сүрілді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 18:50