Қазақстан Республикасы орнықты даму жөніндегі Азия-Тынық мұхиты форумының төрағасы болып тағайындалды. Бұл шешім 2014 жылдың 19-21 мамыр күндері Паттайя (Таиланд) қаласында өткен форумның 5-ші сессия барысында қабылданды, деп хабарлады ҚР СІМ-інің баспасөз қызметі.
Басты мақсаттарының бірі экономикалық, әлеуметтік, қаржы және қоршаған ортаны қорғау салаларын дамыту мәселелеріне қатысуға әлем елдерін ынталандыру болып табылатын форум жұмысына өңір елдері, қызығушылық танытқан даму институттары, ғылыми және қаржылық, сондай-ақ, индустрия және бизнес ұйымдарының өкілдері қатысты.
Форумға Қазақстан Республикасының Қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Бектас Мұхамеджанов қатысты. Ол планетарлық шектік көрсеткіштер шеңберіндегі бірлесіп даму мәселелері жөніндегі сессия мен министрлердің «дөңгелек үстел» отырысын өткізді.
Аталған форумды БҰҰ Азия және Тынық мұхит мемлекеттері үшін экономикалық және әлеуметтік комиссиясы даму мәселелері бойынша аймақтық үнқатысуды қолдау мақсатында ұйымдастырады.
Шара барысында Азия-Тынық мұхиты механизмінің, сондай-ақ, осы аймақтың дамуы жөніндегі БҰҰ кеңесінің іс-әрекеттерінің нәтижелері қарастырылды. Сонымен қатар, жоғары деңгейде өтетін дүниежүзілік саяси форумда 2015 жылдан кейінгі мерзімге арналған мыңжылдық даму мақсаттары аясында талқыланатын мәселелер пысықталды.