Футбол • 18 Қазан, 2022

Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды

454 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Париждегі ресми рәсімде Карим Бензема өткен маусымның әлемдегі ең үздік ойыншысы деп жарияланды. Бұл бұрын болған күнтізбелік жыл үшін емес, толық маусым үшін берілген алғашқы марапат, деп хабарлайды Egemen.kz.

Карим Бензема «Алтын доп» иегері атанды

«Реал Мадридтің» және Франция құрамасының шабуылшысы ең көп дауыс жинап, жеңіске жетті. Өткен маусымда Карим Бензема өзінің мансабында Чемпиондар Лигасын бесінші рет жеңіп алды.

Бензема 12 матчта 15 гол соғып, Чемпиондар лигасының үздік бомбардирі атанды. Ол Ла Лиганы төртінші рет жеңіп алды. Жалпы, корольдік клуб үшін француз спортшысы 46 ойында 44 гол соқты.

Жыл сайынғы марапаттау рәсімін «France Football» журналы ұйымдастырып келеді.

Айта кетсек, өткен жылы үздік футболшы атағын Лионель Месси алып, «Алтын доп» иегері атанған еді.