Қазақстан • 18 Қазан, 2022

Қауіпті тауарлардың енуіне жол бермейміз - Серік Жұманғарин

243 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазақстанның бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі ЕЭК-тің өнімге қойылатын міндетті талаптарын оңтайландыру, оның ішінде оның белгіленген талаптарға сәйкестігін міндетті бағалау бөлігінде шаралар тізбесін бекітті, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпті тауарлардың енуіне жол бермейміз - Серік Жұманғарин

Осылайша, ЕАЭО елдерінің периметрінде бұзушылықтармен («сұр» сертификаттармен) берілген сертификаттармен күресу бойынша іс-шаралар жоспары қабылданды.

Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің айтуынша, қабылданған құжат ЕАЭО актілерін пысықтауды көздейді, бұл бір декларацияға, партияға берілетін бір сынақ хаттамасына жүздеген мың тауар әкелінетін жағдайларды болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ шаралар тізбесі ЕАЭО-ға мүше елдердің зерттеу хаттамаларымен жедел алмасуы үшін іс-шаралар жоспарын іске асыруды және хаттамалардың бірыңғай тізілімін құруды қамтиды. 

«Қазіргі уақытта Еуразиялық экономикалық одақтың басқа елінде берілген сынақ хаттамаларын тексеру үшін осы мемлекетке сұрау салып, оның жауабын екі айға дейін күту қажет. Біз күткен уақытта тауар нарықта сатылып бітеді. Жедел ақпарат алмасу көршілерімізден хаттаманы 1-2 күн бұрын растауға мүмкіндік береді. Сонда біз «сұр» сертификаттарды жылдам анықтап, ел нарығына ықтимал қауіпті тауарлардың енуіне жол бермейміз», деп атап өтті Серік Жұманғарин.

ЕАЭО-ның өнімге қойылатын міндетті талаптарын оның белгіленген талаптарға сәйкестігін оңтайландыру мәселесін Қазақстан биыл Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесінің наурыз айындағы отырысында көтерген болатын. ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, 2021 жылы қазақстандық өтініш берушілер ЕАЭО елдерінің бірінде 25 мыңға жуық сертификат алды. Қазақстанда ұқсас өнімдерге сәйкестікті бағалау үшін барлық жағдай жасалған. Осы мәселеге бастамашылық жасағаннан кейін бірнеше ай ішінде ЕЭК алаңында қазақстандық кәсіпкерлердің басқа елдерде «сұр» сертификаттар алу мүмкіндігін шектейтін шаралар тізбесі дайындалды және осы қазан айында бекітілді.

Сондай-ақ ЕЭК отырысында электр энергетикасы нарығы, тауарларды сәйкестендіру құралдарын криптографиялық қорғау, газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарықтарын қалыптастыру, тауарлармен электрондық сауда-саттықты әкімшілендірудің бірыңғай талдамалық жүйесін әзірлеу және т.б. мәселелер қаралды. Келесі отырысты 2022 жылдың 18 қарашасында Мәскеуде бетпе-бет жүздесу форматында өткізу туралы шешім қабылданды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025