Білім • 18 Қазан, 2022

Дина Афанасьева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

305 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық колледж түлегі Дина Афанасьева WorldSkills Competition 2022 Special Edition әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Дина Афанасьева әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Жарыс 9-17 қазан аралығында Коян қаласында (Оңтүстік Корея) өтті. Отандасымыз «Веб-технологиялар» құзыреттілігі бойынша осындай жоғары нәтижеге қол жеткізген. 

«Бұл дүниежүзіндегі колледж студенттеріне арналған ең беделді жарыста алған Қазақстанның алғашқы медалі. Былтыр Павлодар колледжінің студенті болған Дина «Веб-әзірлеу» бағыты бойынша EuroSkills Graz 2021 Еуропа чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын. Динаны жеңісімен құттықтаймын!

Оның еңбегі, білімі мен табандылығы еліміздің барлық колледж студенттеріне үлгі. Сондай-ақ әріптесім, елордалық колледж оқытушысы Айжан Зиядановаға студентінің тамаша нәтижесі үшін алғыс айтқым келеді. Алда Динаны жаңа жеңістер мен биік белестер күтіп тұрғанына сенімдімін. WorldSkills Competition 2022 Special Edition-ға 60-тан астам ел 63 негізгі құзыреттілік пен 1 ​​демонстрациялық құзыреттілік бойынша қатысып жатқанын атап өткім келеді», деп жазды Асхат Аймағамбетов.