Аймақтар • 18 Қазан, 2022

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қарағанды облысында «STOP-игра» жедел алдын алу іс-шарасы аясында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған өңір тұрғынының қызметі анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қаржы мониторинг агенттігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.

Қарағанды облысында заңсыз ойын бизнесі анықталды

«Қарағанды қ. қонақ үй кешендерінің бірінде жұмыс істеген астыртын покер клубының қызметін әшкереледі. Тінту барысында ақшалай қаражат, ұялы телефондар, покер фишкалары, ойын карталары, покер жиынтығы және Покер ойнауға арналған үстел табылып, тәркіленді. Ұйымдастырушы бастапқы ақшалай мөлшерлемемен ақша қаражаты үшін фишкаларды сату арқылы құмар ойындар өткізілгені анықталды», делінген ведомство хабарламасында.

Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. ҚР ҚПК 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.