2022 жылы әдебиет бойынша Букер сыйлығы Шри-Ланка жазушысы Шехан Карунатилакаға берілді. Қаламгердің «Маали Альмейданың жеті айы» романы қазылар алқасының шешімімен жүлдеге лайықты деп танылып, Лондондағы салтанатты шарада табысталды.
Карунатилаканың кітабы - әскери фотограф Маали Альмейданың өлгеннен кейінгі өмірдегі шытырман оқиғаларын баяндайды.
Романда 1980 жылдағы Шри-Ланка суреттеледі. Ондағы басты кейіпкер Маали Альмейда - өлі фотограф, оған бір апта («жеті ай») беріледі, осы уақыт ішінде ол ақырет пен шынайы әлем арасында саяхаттап, шындықты ашады. Бұл шындық - Шри-Ланкадағы азаматтық соғыстың қатыгездігін суреттер арқылы әшкерелеу еді.