Елорда • 18 Қазан, 2022

Астана «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» ұйымына кірді

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласы «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» дүниежүзілік ұйымының құрамына кірді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана «Біріккен қалалар мен жергілікті биліктер» ұйымына кірді

«Бұл ұсыныс аталған ұйымның дүниежүзілік кеңесінің («United Cities and Local Governments») отырысы барысында қолдау тапты. Ал, қала әкімі Алтай Көлгінов ұйымның тең төрағасы болып сайланды», делінген әкімдік ақпаратында.

Дүниежүзілік ұйымға ену қатысушы елдер арасында тәжірибе алмасуға, өзекті мәселелерді көтеруге және оларды кешенді шешу ісіне жәрдемдесуге, қалалардың әлеуетін таныстыруға, қалаға қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді.

Аталған ұйым - муниципалитеттердің, мегаполистердің және аймақтардың, сондай-ақ олардың бірлестіктерінің 2004 жылы құрылған ғаламдық желісі. Оның құрамына БҰҰ-ның 140 елінен бас-аяғы 240 000 муниципалитет, аймақтар мен мегаполистер кіреді.