Қазақы киіз үйге Иордания ханшайымы Басма Бинт Талал арнайы келіп, бас сұқты.
Іс-шарада Иорданияда аккредиттелген 30-ға жуық дипломатиялық миссияның күшімен мәдениеттер мен этностардың әсерлі әртүрлігі ұсынылған.
Елшіліктің ұлттық кәдесыйларды сатуы арқылы жиналған қаражат Мабаррат Ум әл-Хусейн институтына берілді және Иорданияның тұрмысы нашар отбасылары балаларының білім беру қажеттіліктеріне арналған.