Қазақстан • 18 Қазан, 2022

Мұхтар Тілеуберді ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

213 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасы Премьер–Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Сыртқы істер министрлері кеңесінің бейресми отырысына қатысты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мұхтар Тілеуберді ТМҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысына қатысты

СІМ басшысы өз сөзінде ұйымның халықаралық аренадағы өсіп келе жатқан және шоғырландырушы рөлін атап өтті. Министр биылғы 12-13 қазанда Астана қаласында өткен АӨСШК мерейтойлық саммитіне қатысқаны үшін ТМҰ өкілдеріне алғысын білдірді.

Отырыс барысында қатысушылар осы жылы қараша айында Өзбекстанда өтетін ТМҰ мемлекеттері басшыларының саммитіне дайындық мәселелерін талқылады. Сондай-ақ осы іс-шара барысында қол қоюға жоспарланған құжаттардың түпкілікті жобалары бекітілді.