Елорда • 18 Қазан, 2022

«Мейірімділік керуені» V Республикалық байқауы жарияланды

519 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Елордада «Мейірімділік керуені» атты V Республикалық конкурстың басталуы туралы, халықтың азаматтық бастамаларын жандандыру, ізгілік, мейірімділік және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған баспасөз конференциясы өтті, деп хабарлайды Egemen.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

«Мейірімділік керуені» V Республикалық байқауы жарияланды

«Мейірімділік керуені» байқауының басталуына орай өткен баспасөз конференциясына елордалық ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов, Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы президентінің орынбасары Сания Ирсалиева, Қазақстан әйелдер күштері Альянсы төрағасының орынбасары Баян Тойкебаева қатысты.

Бесінші рет ұйымдастырылған «Мейірімділік керуені» байқауы игі істер жасайтын адамдарды анықтауға, халықтың игі бастамаларын жандандыруға, мейірімділік және гуманизм сияқты адамгершілік құндылықтарды нығайтуға бағытталған.

Қатысушылар әлеуметтік, қоғамдық мәселелерді шешуге үлес қосатын және өз іс-әрекеттерімен басқаларды ынталандыратын жеке және заңды тұлғалар бола алады.

Конкурсқа кәсіпкерлік субъектілері, сондай-ақ қайырымдылық қызметі мемлекеттік қолдаумен байланысты тұлғалар (мемлекеттік грант, мемлекеттік тапсырыс және т.б.) қатыса алмайды.

Конкурс лауреаттары келесі номинациялар бойынша анықталады:
- «Асар» – қайырымдылық қызметі халықтың әдет-ғұрыптар мен дәстүрлерді сақтаумен байланысты адамдарға арналған номинация;
- «Туған жер» – білім беру, экология және абаттандыру, мәдени нысандарды қалпына келтіру және т.б. салаларда туған өлкеге қайырымдылық көмек көрсететін лауреатқа тапсырылады.;
- «Батыл жүрек» – батырлық пен жанқиярлық үшін. Бұл номинацияда шұғыл қызмет қызметкерлері (ТЖ, ІІМ, жедел жәрдем және басқалар) арасында қосымша жеңімпаз атағы құрылуы мүмкін;
- «Мейірім жолында» – белгілі бір уақыт ішінде тұрақты өтеусіз көмек көрсететіндер үшін;
- «Қайырымдылық тарихы» – номинация журналистке және/немесе шығармашылық ұжымға БАҚ-та қайырымдылық, әлеуметтік мәселелерді үздік жариялағаны үшін беріледі;
- «Бала жүрегі» – 6 жастан 18 жасқа дейінгі лауреатқа шұғыл жағдайларда көрсеткен жанқиярлық және батыл әрекеті, сол сияқты қайырымдылық қызметіне қатысқаны үшін беріледі;
- «Жануарға мейірім» – жануарлардың құқығын қорғайтын, олардың күтіміне көмектесетін, сондай-ақ жануарлар деген мейірімділікті насихаттайтын лауреатқа беріледі.

Конкурсқа қатысуға өтінімдер 2022 жылғы 30 желтоқсанға дейін қабылданады.