Алаш көсемі Әлихан Бөкейхан бастаған ұлт зиялыларының елшіл бағдарын терең түсініп, оны бүгінгі заманға сай жүзеге асыру – алдымызда тұрған үлкен міндет. Ал осынау міндеттің үдесінен шығамыз деген сеніміміз қандай деңгейде?
Былай қарағанда, жоғарыда көрсетілген сұрақтың ауыр-жеңілдігі байқала қоймайтын секілді. Бірақ тереңіне үңіле түссеңіз, оның арғы жағынан тағы бір сауал ерте көктемгі суықтан тайсалмай гүл ашатын бәйшешектей басын қылтитады. Ол – «Алаш мұратын жүрегімізбен шынайы түсіне алдық па, Алаш қайраткерлерінің басым бағыты мен ізгі идеяларын жүзеге асыруға ойлау жүйеміздің шамасы, жанымыздың қуаты яки құзыретіміз жете ме?» деген сұрақ. Жоғарыда айтылған сеніміміз ақталу үшін бізге алдымен осы сауалға жауап іздеуіміз керек-ақ.
Алаш арыстарының барлығы шынайы мемлекетшіл тұлға болды. Олар тек мемлекеттің мүддесіне, халықтың игілігіне қызмет етті. Яғни мемлекетшіл тұлға деген мәртебелі атақтың анықтамасын өз қызметтерімен, істерімен нақтылап жазып кетті. Сондай-ақ олар өз идеяларының қазақты дұрыс бағытқа түсіретініне көздері жетіп, сенгені сонша, сол идея-ұстанымдарының жолында құрбан болды. Алаш қайраткерлерінің идеясы – мән-маңызы мен қуаты күшті, қазақты адастырмайтын идея екеніне сенім мол. Оның ең басты ерекшеліктері – қазақ топырағында туғандығы, ұлттың тілінен, ділінен, дінінен нәр алғандығы, өзгенің үлгісі қаперге алынғанмен, оған басымдық берілмегендігі және қазақша ойлау жүйесінен туындағаны. Алаш арыстары мұратының, аңсар-идеясының өміршең болуының негізгі себебі де осында жатыр.
Негізінде, қазақша ойлау жүйесі толыққанды іске қосылған жерде бірінші кезекте мемлекетті құраушы ұлттың мүддесі алдыңғы орынға шығатыны сөзсіз. Бұл дегеніміз – әрбір қадам ұлттық құндылықтар тұрғысынан сараланып барып жасалады деген сөз. Бұлай болмайынша қазақ ұлтының арман-тілегі, қалауы мемлекетті дамыту барысында орталық буын, негізгі өзекке айнала алмайды. Олай болса, нақтысын айтқанда, қазақ мемлекетті құраушы ұлт ретіндегі ұйыстырушы күші әлсіз болып қала береді. Бұл жағдай айналып келгенде ел ынтымағын ұзақ мерзімге «қыл көпірдің» үстінде қалтыратып-дірілдетіп ұстап тұрады, халық бірлігін ықтимал қауіптің өтінде қалдырады. Өйткені басқа этностарды айтпағанда, қаны бір қазақтың өзі қазақша ойлау жүйесі мен басқаша ойлау жүйесі арасында шөре-шөре күй кешіп, ортақ мүдде орайында бірігу мүмкіндігі әлсіз күйінде қалып қояды, тіпті ішінара қарсылас күштерге айналады. Сондай-ақ бұл жайт елдің мәдени-рухани өмірінің ұлттық құндылықтар негізінде ілгерілеуіне барынша кедергі келтіреді. Оның үстіне басқаша ойлау жүйесінде қалып қойғандар жат пиғылдылардың қолшоқпарына оңай айналу қаупі зораяды. Ал мұның салдарын елестетудің өзі ауыр.
Жалпы, қазақша ойлау жүйесі арқылы өз топырағымызда туған ізгі идеялар ғана қазақты ұшпаққа шығаратынын ұғынатын кез жетті. Осылайша, ұғыну Алаш қайраткерлерінің ұлы бағдарын терең түсініп, оны лайықты түрде жүзеге асыруда аса маңызды.
Негізінен, Алаш идеясы бүгінгі уақыт талабына сай іске асыру үшін бірінші кезекте мемлекетшіл тұлғалардың қалың әрі сапалы шоғыры қалыптасқаны абзал. Бұдан бөлек, атқарушы билік, өкілді органдар қазақша ойлау жүйесіне түбегейлі көшу мәселесін жедел күн тәртібіне шығармаса мемлекетті дамыту ісін Алаш идеясымен ұштастыра отырып қолға алу қиын. Демек Алаш арыстарының ұлы бағдарын, белгілеген міндеттерін тәуелсіз ел ретінде жүзеге асырамыз деген талпынысымыз жемісін бермейді. Бұл тек утопия, бос сөз күйінде қалып қояды.
Тәуелсіздік алған сәттен бергі аралықта халыққа ұсынылып келе жатқан мәлімдемелерді, доктриналарды, тұжырымдамаларды, құқықтық актілерді, басқа да құжаттарды айтпағанда, ең маңызды деген заңдардың өзі (бірен-саран болмаса) басқаша ойлау жүйесі арқылы жасалды. Бұл жағымсыз үрдіс әлі күнге дейін өз қарқынын төмендетер емес. Қазақша ойлау жүйесі өз төріне шықпақ түгілі есіктен сығалай алмай да жүргенде ағылшынша ойлау жүйесі өзінің төрін тауып та үлгерді. Мұндай жағдайда Алаш идеясы жөнінде биік мінбелерден әдемі сөздер айтып жақсы көрінудің өзі ерсілеу көрінбей ме, қалай?
Көктемнің соңғы күнінде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:35
Қаржы • Бүгін, 16:10
«Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек...» атты кеш өтті
Мәдениет • Бүгін, 15:53
Ата-ана құқығынан айырылуға не себеп болады?
Қоғам • Бүгін, 15:49
Қазақ балуандары – Азия чемпионатының жеңімпаздары
Спорт • Бүгін, 15:38
Мемлекет басшысы Ерлан Қошановты қабылдады
Президент • Бүгін, 15:34
Мәдениет саласының ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсетіледі
Мәдениет • Бүгін, 15:20
Индустриялық даму комитетінің төрағасы тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 15:10
Алматыда қайыр сұрап, құлдықта болған зейнеткерге көмек көрсетілді
Аймақтар • Бүгін, 15:08
Елордада Мемлекеттік рәміздер күніне орай онлайн конкурс өткізіледі
Елорда • Бүгін, 14:51
Астанада мемлекеттік қызметшілер арасында спартакиада өтті
Елорда • Бүгін, 14:43
Әуе маршруттарын субсидиялауға 7,2 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 14:33
Алты өңірде АИТВ жұқтыру дерегі артты
Медицина • Бүгін, 14:00
Қаржы министрі зейнетақы жинағын ерте шешіп алмауға кеңес берді
Қаржы • Бүгін, 13:25
Президент бірқатар мемлекеттің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдады
Саясат • Бүгін, 13:20
Шымкентте екі полицей пара алды деген күдікке ілінді
Қоғам • Бүгін, 12:55
Астанада студенттерге арналған 5 жатақхана салынады
Елорда • Бүгін, 12:42
Журналистерге арналған «Парасат» конкурсы басталды
Қоғам • Бүгін, 12:30
Жалған ақпарат таратқан блогерлер жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:17
Балаларға арналған тегін үйірмелерге 86,7 млрд теңге бөлінді
Қоғам • Бүгін, 12:05
Сенаторлар босқындар мәселесін талқылады
Саясат • Бүгін, 11:50
Абай облысында 30 млн ағаш отырғызылады
Қоғам • Бүгін, 11:47
Автокөліктерге арналған VIP нөмірлерді онлайн сатып алуға болады
Қоғам • Бүгін, 11:33
«TikTok» желісінде құмар ойын ұйымдастырғандар сотталды
Қоғам • Бүгін, 11:26
Елімізде 9 жаңа халықаралық әуе маршруты ашылады
Қоғам • Бүгін, 11:17
Қазақстан елшісі Әзербайжан президентіне сенім грамоталарын тапсырды
Саясат • Бүгін, 11:08
Осы аптада өтетін мәдени-спорттық іс-шаралар
Қоғам • Бүгін, 10:50
Үкіметте газ саласын дамытудың өзекті мәселелері қаралды
Үкімет • Бүгін, 10:43
Қытайда жұмыссыз жастар көбейді
Әлем • Бүгін, 10:35
Қазақстанда запастағы офицерлер әскери қызметке шақырылады
Әскер • Бүгін, 10:27
Латын әліпбиіне көшетін түркітілдес елдерге қолдау көрсетіледі
Қоғам • Бүгін, 10:12
«Жолдасымның ғашық болғанын аңғардым» - «Нурикамал» әнінің шығу тарихы
Өнер • Бүгін, 10:03
Еліміздің екі қаласында ауа сапасы нашарлайды
Экология • Бүгін, 09:55
Алматы тауларында адасып кеткен туристер құтқарылды
Қоғам • Бүгін, 09:45
Алматыдағы танымал фастфуд дүкені өртенді
Қоғам • Бүгін, 09:30
«Семей орманы» табиғи резерватының басшылары сотталды
ANTIKOR • Бүгін, 09:23
30 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:12
280-нен астам инвестициялық жоба іске қосылады
Инвестиция • Бүгін, 09:05
Үкімет сағаты: Инвестициялық ахуалды жақсарту
Сенат • Бүгін, 08:59
Жылу мен су тапшылығы шуға айналды
Мәселе • Бүгін, 08:55
Ұқсас жаңалықтар