Қазақстан • 19 Қазан, 2022

Сардарлар саптан шықпайды

222 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу-жаттығу орталығында әскери міндеттілердің оқу-жаттығу жиыны аяқталды.

Сардарлар саптан шықпайды

Сабақтарды әскери білім ордаларының оқыту­шылары мен тәжірибелі нұсқаушылары өткізді. Бір айлық дайындық барысында запастағы офицерлер заманауи байланыс құралдарымен жұмыс істеп, бөлімшелерді басқару негіздерінен білімін және қаруды меңгерудің практикалық дағдысын жетілдірді.

– Жиынға шақырылғандар өзде­рін оң қырынан көрсетті. Сондай-ақ олардың оқу-жауынгерлік міндеттерді орындауға дайын екенін атап өткім келеді, – деді Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының өкілі полковник Айдын Чунетов.

Жиынға қатысушы Алматы облысынан ша­қы­­­рылған запастағы лейтенант Нұрсұлтан Бекбосынұлы кәсіп­­керлікпен айналысады. Шақырту қағазын алған соң ол белгіленген мерзімде жинау пунктіне келіп, оқудан өтті.

– Сабақ жоғары кәсіби деңгейде өтті. Өзіме қа­жетті теориялық және практикалық пайдалы тәжі­рибе алдым, – деп атап өтті Нұрсұлтан Бекбосынұлы.

Әскери міндеттілер оқу бағдарламасын меңгер­генін емтихандар мен сынақтар тапсырып растады. Одан өзге запастағы офицерлерге кезекті әскери атақтар да берілді.