Тиісті Жарлық Украина президентінің сайтында жарияланған.
«Петр Юрьевич Врублевский Украинаның Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен босатылсын», делінген Жарлықта.
Еске сала кетсек, әлеуметтік желіде Врублевскийдің сұхбатынан үзінді тарап, қоғамдық резонанс тудырған еді. Видеода Врублевскийге «Украинадағы жағдай туралы не айта аласыз?» деген сұрақ қойылды. Бұл сұраққа елші «Біз оларды мүмкіндігінше көп өлтіруге тырысамыз» деп жауап берді.