Президент • 19 Қазан, 2022

Жаңа жылдан бастап бала күтіміне төлемақы төлеу мерзімі ұзартылады

457 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы облысының жұртшылығымен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа жылдан бастап бала күтіміне төлемақы төлеу мерзімі ұзартылады

«Алматы облысы – бала туу көрсеткіші бойынша көш бастап келе жатқан өңірдің бірі. Осы өңірде 45 мыңға жуық көпбалалы отбасы тұрады. «Балалы үй – базар» дейді халқымыз. Шын мәнінде, бала – біздің қуанышымыз, бала – біздің болашағымыз», деп атап өтті Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, елімізде ана мен балаға қамқорлық келешекте де жалғасады.

«Елімізде қолға алынған өзгерістің бәрі ұрпақ үшін жасалып жатыр. Мен Жолдауда айтқанымдай, жаңа жылдан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімі сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзартылатын болды. Сондай-ақ әйелдердің зейнет жасын 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде қалдыру туралы шешім қабылдадым. Ана мен балаға қамқорлық келешекте де жалғаса береді», деп түйіндеді Президент.