Қоғам • 19 Қазан, 2022

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

761 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Үкіметі 2022 жылғы 18 қазандағы қаулысымен Қазақстан Республикасындағы мереке күндерінің тізбесіне толықтыру енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда жаңа мереке бекітілді

Атап айтқанда, мереке күндерінің тізбесі келесі мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылды:

38-1. Кітапханашылар күні - 24 қазан.

Қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Осылайша, биыл қазақстандық кітапханашылар өздерінің кәсіби мерекелерін тойлайды.

Айта кетсек, мереке күндерінің тізімінде барлығы 50-ден астам кәсіби мереке бар.