Аймақтар • 19 Қазан, 2022

Қостанайдың өртенген ормандарында бәйшешек гүлдеді

592 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанай облысындағы Семиозерный орман шаруашылығына қарасты қарағай ормандарының өртенген алқаптарында бәйшешек гүлдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қостанайдың өртенген ормандарында бәйшешек гүлдеді

Жергілікті БАҚ хабарлағандай, мамандар бәйшешектің гүлдеуін жылы ауа райының сақталуы мен өртенген топырақтың әлі де жылы болуымен байланыстырады.

Бұл өңірде бәйшешектің гүлденуі жақсы белгі болып саналады. Мамандардың айтуынша, бұл жердегі алқап қатты күймеген, демек аумақтың жасыл белдеуі тез қалпына келеді. 

Айта кетсек, бәйшешек гүлі Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген.

Еске сала кетсек, 2-10 қыркүйек аралығында Қостанай облысында табиғи өрттер өршіді. Өрт 43 мың гектарға шарпыды. ТЖ салдарынан бір адам қаза тауып, тағы 11 адам зардап шекті. 90-нан астам адам баспанасыз қалды. Қазір оларға мемлекет есебінен жаңа үйлер салынып жатыр.