Спорт • 19 Қазан, 2022

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

284 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10-12 ақпан аралығында Астана қаласында жеңіл атлетикадан 10-шы Азия чемпионаты өтеді. Аталған жарыс «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінің ғимаратында өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астанада жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты өтеді

Елордалық жеңіл атлетика федерациясының төрағасы, Астана әкімі Алтай Көлгінов, Федерацияның бас хатшысы Асхат Сейсембек қатысқан жиында алдағы чемпионатқа дайындық мәселелері мен осы жылдың қорытындысы талқыланды.

Кездесуде Астанада жеңіл атлетикадан мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебін ашу мәселесі қаралды.

Елорда әкімдігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша балалар мен жасөспірімдер мектептерін, федерацияларды қолдауға, бұқаралық спорт түрлерін насихаттауға ерекше назар аударады.

«Кувейтте жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасындағы төртінші Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы командалық есепте бесінші орынды иеленіп, үздік нәтиже көрсетті. Астаналық спортшы Анастасия Колода 400 метрге кедергілермен жүгіруде күміс медаль жеңіп алды», делінген хабарламада.

Осы жылдың желтоқсан айында жеңіл атлетикадан Амин Тұяқовтың жүлделеріне арналған халықаралық турнир өтеді.

Еске сала кетсек, биыл Астана жеңіл атлетика федерациясының қолдауымен түрлі бұқаралық іс-шаралар өтті: Nur-Sultan Half Marathon, Astana Marathon, оған 30-дан астам елден 7 мыңнан астам қатысушы қатысты.

 п