Қоғам • 19 Қазан, 2022

Түркістан облысындағы балалар иппотерапия сеанстарына тегін қатыса алады

297 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Түркістан облысында мүгедектігі бар балаларды атқа отырғызу арқылы оңалту әдісі «Zhas project» республикалық жобасы аясында пайда болды, деп хабарлайды Egemen.kz Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркістан облысындағы балалар иппотерапия сеанстарына тегін қатыса алады

Республикалық «Zhas project» жобасы жұмыссыз жастар санын азайтуға бағытталған. Өңірде жас қазақстандықтардың бастамаларын қолдауға 63 шағын грант бөлінді. Әрбір гранттың мөлшері 1 миллион теңгеге дейінгі соманы құрайды.

«Zhas Project» жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастар бастамаларын қолдауға, сондай-ақ кәсіпкерлік идеяларға жәрдемдесуге бағытталған. Өткізілген шағын гранттар конкурсына  Түркістан облысының 18-ден 29 жасқа дейінгі жас тұрғындары қатысса, осал топтардағы арыз түсірушілерге ерекше басымдық берілді. 924 өтінімнің ішінен комиссия 63 үздік жобаны анықтады», деді Түркістан облысы бойынша «Zhas Project» жобасының үйлестірушісі Әсем Мадекешова.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жобалардың басым бөлігі әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көп балалы отбасыларға, сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандарға көмектесуге бағытталған.

Жоба аясында Түркістан облысында компьютерлік курстар, спорт секциялары, балаларға арналған массаж кабинеттері, түрлі үйірмелер ашылды. Сондай-ақ кондитерлік өнімдерді дайындаудан және құрақ кұраудан шеберлік сыныптары өткізіледі.

Мәселен, Мәдина Дүйсенбекова «Иппотерапия» жобасын іске қосты, ол психикалық ауруларға шалдыққан және тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларға арналған атқа салт мініп жүруден сабақтарды жүргізеді. Ал Сайрам ауданының Ақбұлақ ауылының тұрғыны Асқарбек Маматов тауық жұмыртқаларын инкубациялау жобасын жүзеге асырып жатыр.

Кентау тұрғыны Алуа Тұрсынхан көп балалы отбасыларда тәрбиеленіп жатқан және жетім балаларға тегін тарату мақсатында қайта қолданылатын жаялықтар тігуді бастады.

Ал Әбдіхалық Есенов Түлкібас ауданының тұрғындарына сабын жасау сабақтарды өткізсе, Әбен Иманғали Мақтаарал ауданына қарасты Атакент ауылында әлеуметтік шаштараз қызметін ашты.

Айта кетсек, «Zhas Project» әлеуметтік жобасы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің және Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының қолдауымен Алматы, Қарағанды, Маңғыстау, Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу және Ұлытау облыстарында өткізіледі. Жоба аясында республика бойынша барлығы 252 бастама іске асырылуда.