Президент • 20 Қазан, 2022

Президент ауыл шаруашылығына инвесторларды тарту қажеттігін айтты

155 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынын жеделдету үшін ірі инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру қажет. Бұл туралы Мемлекет басшысы Жетісу облысының жұртшылығымен кездесу барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент ауыл шаруашылығына инвесторларды тарту қажеттігін айтты

«Жалпы, біздің еліміз үшін қайта өңдеуді дәйекті дамыта отырып, ауыл шаруашылығы экспортының шикізаттық бағдарынан бас тарту өте маңызды. Әлемдегі санкциялық текетірес осыған байланысты жаңа бірегей мүмкіндіктер ашады.

Өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының даму қарқынын жеделдету үшін ірі инвесторларды тарту жұмыстарын жандандыру қажет. Талдықорған қаласында орналасқан, барлық қажетті инфрақұрылымы бар индустриялық аймақ шетелдік компаниялардың қоныс аудару алаңына айналуы мүмкін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының айтуы бойынша, дайын азық-түлік өнімдерін өндіру мен насихаттауға баса назар аудару керек.

«Өңірдің транзиттік мүмкіндіктерін кейіннен оларды кері экспорттау үшін көршілес елдердің ауыл шаруашылығы шикізатын қайта өңдейтін бірлескен кәсіпорындар құру үшін пайдаланған жөн», деп атап өтті Президент.