Президент • 20 Қазан, 2022

Жетісу облысында заманауи шаңғы және биатлон кешені салынады

122 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы Мемлекет басшысы Жетісу облысындағы жұмыс сапары барысында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жетісу облысында заманауи шаңғы және биатлон кешені салынады

Қ.Тоқаев Үкіметке  облыста заманауи шаңғы және биатлон кешенінің құрылысын қамтамасыз етуді тапсырды. Ол жаңа чемпиондарды дайындайтын базаға айналып, өңірдің туристік тартымдылығын арттыратынын атап өтті.

Сондай-ақ жуырда велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатына қатысқан спортшымыз Евгений Федоровты жеңісімен құттықтады.

«Жетісу еліміздің маңызды спорт орталықтарының бірі болды. Мұнда мықты велоспорт мектебі қалыптасты. Жуырда ғана велоспорттан Австралияда өткен әлем чемпионатында спортшымыз Евгений Федоров алтын медаль жеңіп алды. Жас чемпион аты аңызға айналған Андрей Кивилев атындағы жергілікті олимпиадалық резерв мектебінің түлегі. Осы сәтті пайдаланып, Евгений Федоровты тамаша жеңісімен құттықтаймын!», деді Преидент.

Соңғы жаңалықтар