Теннис • 20 Қазан, 2022

Скатов Чилидегі Челленджердің ширек финалына шықты

192 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанның екінші ракеткасы Тимофей Скатов Чилидің Кокимбо қаласында өткен топырақ жарыстарында «Челленджер» жеке разрядының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Скатов Чилидегі Челленджердің ширек финалына шықты

Осы жарыстардың ширек финалына шығу үшін Петропавл қаласының тумасы Аргентиналық Николас Кикерден (202 АТР) озып, 6:4, 1:6, 6:4 есебімен жеңді.

Енді Тимофей Скатов Аргентинаның тағы бір өкілі, әлемдік рейтингтің 71-ші нөмірі, 30 жастағы Федерико Кориямен кездеседі.