Қаржы • 20 Қазан, 2022

Доллар бағамы арзандады

137 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасы 15:30-дағы жағдай бойынша доллардың орташа өлшенген бағамы 468,27 теңгені құрап, тағы 1,84 теңгеге төмендегенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Доллар бағамы арзандады

Ресей рублінің орташа өлшенген бағамы 7,61 теңгеге дейін өсті (+0,01).

Қытай юанінің орташа өлшенген бағамы төмендеп, 64,58 теңгені (-0,42) құрады.

Еуро бойынша сауда-саттық өткізілген жоқ. Ұлттық банк еуро бағамын 461,53 теңгеге белгіледі.

Айырбастау пункттерінде долларды 471-474,5 теңгеден, еуроны - 459-464 теңгеден, ресей рублін - 7,1-7,4 теңгеден сатып алады/сатады.

Сонымен қатар 20 қазандағы сауда-саттық барысында мұнайдың әлемдік бағасы біршама өсті.

Мәселен, желтоқсандағы Brent мұнай фьючерстерінің құны 0,88%-ға өсіп, барреліне 93,22 долларды құрады.

Желтоқсандағы WTI фьючерстері барреліне 85,7 долларға дейін 1,4%-ға көтерілді.