Қоғам • 20 Қазан, 2022

Қостанай облысындағы өрттен келтірілген залал сомасы аталды

162 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев ОКҚ брифингінде Қостанай облысындағы өрт шамамен 4 млрд теңгеге залал келтіргенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Қостанай облысындағы өрттен келтірілген залал сомасы аталды

Серікқали Брекешев Қостанай облысында шарпыған өрттің себептерін анықтау үшін ведомствоаралық комиссия жұмыс істегенін хабарлады.

«Қостанай облысында болған өрт 43,8 мың гектар жерге шарпыған, ведомствоаралық комиссия бұл мәселе бойынша қосымша жұмыс істеді. Алдын ала деректер бойынша өрттен келтірілген залал мөлшері шамамен 4 млрд теңгені құрады», деді С.Брекешев.

Министрдің айтуынша, өртке қатысты қозғалған қылмыстық іс әлі де қаралып жатыр.

«Комиссия мұны әлі де қылмыстық іс аясында тергеп жатыр, сондықтан жақын арада бұл өрттің нақты себебі анықталады деген ойдамын», деп қосты ол.