24 Мамыр, 2014

Күн тәртібі нақтыланды

194 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қабиболла Жақыповтың төрағалығымен Мәжіліс бюросы өтті. Онда палатаның алдағы жалпы отырысында қаралатын күн тәртібінің жобасы нақтыланды. Депутаттардың талқылауына 2010 жылғы 9 желтоқсандағы Қазақстан мен Ресей Үкіметтері арасындағы Қазақ­станға мұнай және мұнай өнім­дерін жеткізу саласындағы сауда-эконо­ми­калық ынтымақтастық туралы Хаттама ратификациялауға шығарылады. Күн тәртібінің жобасына бі­рінші оқылымға «Дене шынықтыру және спорт туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен енгізілді. Сонымен қатар, осы жал­пы отырыста Мәжіліс «Қа­йы­­рым­дылық, демеушілік және меце­нат­тық қызмет туралы» заң жобасы ілеспе түзетулерімен және «Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта құру және даму банкі арасындағы Қарыз туралы келісімді (Сот төрелігінің секторын институттық нығайту жобасы) ратификациялау туралы» заң жобасына қорытынды әзірлеу мезгілін нақтылайтын болады, деп хабарлады палатаның баспасөз қызметі.