Қазақстан • 20 Қазан, 2022

Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді

151 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Әзербайжанның Шуша қаласында Түркі мемлекеттері ұйымы Мүфтилер кеңесінің ережесі бекітіліп, дін басшылары қол қою рәсімін өткізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі мүфтилер кеңесінің ережесі бекітілді

Осылайша кеңес аясында бірлескен декларация қабылданды. Жиында сөз алған ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Шушадағы тарихи басқосудың маңызына тоқталды.

«Қадірлі бауырлар! Бүгін өздеріңізбен бірге Түркі мемлекеттері ұйымына мүше елдердің мұсылмандар басқармаларының басшылары осы қалада ережені бекітіп, қол қойылды. Енді Түркі мемлекеттері мүфтилері осы ереже аясында бірігіп іс қылады. Біз бұған дейін Түркияның Стамбұл, Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласында бас қостық. Жиында Түркі елдерінің жұмыс жоспары талқыланды.

Бүгінгі Әзербайжан жеріндегі үшінші отырыста Кеңестің Ережесі толық бекітілді. Бастамаға қолдау көрсеткен баршаңызға Алла разы болсын! Ереже аясында алдағы уақытта бірқатар ірі жобалар, діни теріс ағыммен күрес, тарихи құндылықтарды түгендеу, Ғұламалар кеңесінің жиынын өткізу, бабалар жолын жаңғырту жұмыстары күтіп тұр. Сондықтан кеңес жұмысына табыс тілеймін», деді Бас мүфти.

Айта кетейік, кеңес ережесінде негізінен түркі дүниесіне ортақ құндылықтарды дәріптеу, отбасы, салт-дәстүр, түркі елдерінен шыққан дін қайраткерлерін насихаттау, жат ағыммен күрес, бірлесе симпозиум мен конференциялар ұйымдастыру, діни әдебиеттер мен түркі тілдерінде тараған шығармаларды таныту, Ғұламалар кеңесінің жұмысын өткізу сынды мәселелер қамтылды.

Соңғы жаңалықтар

Ұлт болмысының тұғыры

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Жылынудың жануарларға әсері

Жануарлар • 11 Қаңтар, 2025

Тылсымға толы Шал тауы

Талбесік • 11 Қаңтар, 2025

Қоныстой – көптің қуанышы

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Көлде жүзген қос аққудай...

Қоғам • 11 Қаңтар, 2025

Ауаға айтылған уәж

Өнер • 11 Қаңтар, 2025

Театр тұйғыны

Театр • 11 Қаңтар, 2025

Киелі күй иесі

Тұлға • 11 Қаңтар, 2025

Байыптау мен айыптаудың арасы

Білім • 11 Қаңтар, 2025

Жылу қазандығы жаңартылды

Аймақтар • 11 Қаңтар, 2025

Тұтынушы құқын білесіз бе?

Құқық • 11 Қаңтар, 2025

«Ақылды қалаға» апарар жол ұзақ

Алматы • 11 Қаңтар, 2025

Тариф түзілімінің жаңа қағидасы

Сараптама • 11 Қаңтар, 2025

Сапаға мән береді

Еңбек • 11 Қаңтар, 2025

Экономикаға серпін береді

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Игі бастамалар жүзеге асады

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Сенім мен үміттің бастауы

Пікір • 11 Қаңтар, 2025

Еңбек ұжымдарымен кездесті

Саясат • 11 Қаңтар, 2025