23 жастағы Мақсат өз кездесулерінің денін Қытай еліндегі WLF W.A.R.S. промоушенінде өткізді. Осыдан дәл бір жыл бұрын канадалық Ахиллес Эстремадураны жеңген ол UFC-де өнер көрсету құқығына ие болды. Биыл жазда қазақтың қайсар ұлы Сингапурде ұйымдастырылған жарыста америкалық Стив Гарсияны бірінші раунда ұрып жығып, сан миллион көрерменнің қошеметіне бөленді. Аралас жекпе-жектен барлығы 10 кездесу өткізген Мақсат Қайсар соның тек біреуінде ғана жеңілістің кермек дәмін татты. Келесі бәсекесін ол Рафа Гарсияға қарсы өткізеді. 28 жастағы Мексиканың тумасы 2014 жылдан бері осы спорт түрімен шұғылдануда. Сол аралықта 16 рет октагонға шыққан Гарсия 13 рет жеңіс тойын тойлап, тоғыз кездесуін мерзімнен бұрын аяқтады.