Қазақстан • 21 Қазан, 2022

Еңбек министрлігінің жаңа міндеттері пайда болады

236 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кейбір мәселелері туралы Үкімет қаулысына түзетулер әзірленді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еңбек министрлігінің жаңа міндеттері пайда болады

Құжатқа сәйкес министрліктің екі жаңа міндеті пайда болады:

Тең мүмкіндіктер, толеранттылық қағидаттарын сақтауды және әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, тілдік белгілері бойынша құқықтарға нұқсан келтіруге жол бермеуді қамтамасыз ету, сондай-ақ әлеуметтік-еңбек қатынастарында этносаралық және өзге де кез келген кемсітушіліктің туындауының алдын алу;

Өтініш берушілер көтеретін жүйелік проблемаларды талдау және анықтау.

Түзетулер ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясының 2022 жылғы 25 мамырдағы XXXI сессиясында берілген тапсырмаларын, сондай-ақ Үкіметке 2022 жылғы 27 шілдеде берілген тапсырмаларын орындау шеңберінде әзірленді.

Құжат 4 қарашаға дейін Ашық НҚА сайтында орналастырылған.