Оқиға • 21 Қазан, 2022

Ақтөбе облысында велосипедші қаза тапты

184 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан велосипедші қаза тапты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ақтөбе облысында велосипедші қаза тапты

«21 қазан сағат 00.35-те Темір ауданына қарасты Ақтөбе - Астрахань автожолының 175-ші шақырымында, Жақсымай ауылы маңында Шұбарқұдық ауылынан Қандыағаш қаласына қарай бағыт алған Lada 210740 автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі 50 жастағы велосипедшіні қағып кетті», деп жазылған ІІМ  таратқан хабарламада.

Велосипедші алған жарақаттарынан жол-көлік оқиғасы орнында қайтыс болды.

Аталмыш факті бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.