Қазақстан • 21 Қазан, 2022

Ресейге ұшу үшін ПТР тесті керек емес

153 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Роспотребнадзор ұшақпен келетін шетелдіктерге қойылатын талапты алып тастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ресейге ұшу үшін ПТР тесті керек емес

- Ресейге баратын Қазақстан азаматтары тек анкетаны толтырса жеткілікті. Енді COVID-19 сынамасының теріс нәтижесі бар ПТР сертификаты талап етілмейді, - делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің хабарламасында.

Сондай-ақ құжатқа сәйкес, Ресейдің шекарасы арқылы өтетін өткізу пункттерінде коронавирусқа селективті тестілеу жүргізілуі мүмкін.