24 Мамыр, 2014

Толағайлар шеруі

291 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Қазақ күресінен Елбасы Н.Ә.Назарбаев­­тың жүлдесі үшін «Қазақ­стан барысы» турнирінің фина­лына қаты­сатын барлық балуандар анық­­­талды. Осыған орай Алматы қала­сындағы республи­калық спорт коллед­жінің ғимаратында еліміздің ең үздік 33 балуанын таныстыру рәсімі өтті. Алматыдағы балуандар шеруіне Спорт және дене­шынықтыру істері жөніндегі агенттігінің төрағасы Тастанбек Есентаев, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры АҚ қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов, «СК-Астана» КҚ бас директоры Ерлан Даримов, «Астана» ПКСК президентінің міндетін атқарушы Юрий Мельниченко, республикалық қазақ күресі федерациясының бас хатшысы Сәрсен Құранбек, «KAZsport» телеарнасының директоры Диас Ахметшәріп, «Қазақстан барысы» қазақ күресін дамыту қоры Қамқорлық кеңесінің төрағасы Арман Шораев, «Республикалық спорт колледжі» РМҚК директоры Амалбек Тшанов қатысып, үміткерлерге сәттілік пен жеңіс тіледі. Еліміздің 16 аймағында өткен республикалық дода­ға іріктеу кезеңі өз мәресіне жеткені мәлім. Ұйым­­­­дас­­тырушылардың айтуынша, төртінші маусымдағы іріктеу сыны көптеген тосын сыйларға толы болды. Атап айтсақ, жарыстың ардагер балуаны Мұрат Кеңтонов (Қостанай облысы) пен тұңғыш «барыс» Ұлан Рысқұл (Қызылорда облысы) финалдық сыннан сырт қалса, жарақатына орай Максим Гербер (Қостанай облысы) мен Виктор Демьяненко (Алматы қаласы) турнирге қатыса алмайды. Ал тәжірибелі балуан Шалқар Жоламанов бір жылдық үзілістен соң жобаға қайта оралды. Ал «Шығыс барысы», 2013 жылғы жеңімпаз Айбек Нұғымаров пен «Тараз арланы» 2012 жылғы чемпион Бейбіт Ыстыбаев жобаның финалдық сынына қатарынан төртінші рет жолдама алып отыр. Тағы бір айта кетерлік жаңалық, биылғы жарысқа қатысатын жас балуандар мен бұрындары көпші­лікке кеңінен танылмаған жаңа есімдер өте көп. Таныс­тырылым барысында «Қазақстан барысы» жобасының төртінші маусымына іріктеу кезеңі қорытындыланды. Естеріңізге сала кетейік, «Қа­зақ­­­стан барысы» жобасының биыл­ғы фи­налдық сыны 29 маусым күні ­Аста­надағы «Сарыарқа» велотрегінде өте­ді. Жеңімпазға алтын белбеу, тай­тұяқ және 150 мың АҚШ доллары табыс­та­лады. Қанат ЕСКЕНДІР, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.