Әлем • 21 Қазан, 2022

Түркі мемлекеттері бір әліпбиге ауысуы мүмкін

580 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркі мемлекеттеріне ортақ бірынғай әліпби жасау туралы ұсыныс Бурсада өткен семинарда талқыланды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркі мемлекеттері бір әліпбиге ауысуы мүмкін

Түркияның Бурса қаласында «Түркі әлемінің ортақ әліпбиі жөніндегі семинарда»  Бірыңғай әліпби жасау жөнінде ұсыныс тастаған. 

Іс-шарада түркі мемлекеттерінің ғалымдары өз елінің тілі, әліпбиі және тарихи тілдік үдерістері жөнінде мағлұмат беріп, біртұтас әліпбиге көшудің маңызын айтқан. 

Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанның бастамасымен 2009 жылы 3 қазанда құрылған. Халықаралық ұйымның штаб-пәтері Ыстанбұлда орналасқан. Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия, Өзбекстан ұйымға мүше болса, Венгрия мен Түркіменстан бақылаушы мәртебесіне ие.