Хоккей • 21 Қазан, 2022

Бүгін «Барыс» «Металлургпен» кездеседі

79 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Астанада ҚХЛ тұрақты чемпионатының матчы өтеді, онда «Барыс» Магнитогорсктен келген «Металлургті» қабылдайды, деп хабарлайды Egemen.kz

Бүгін «Барыс» «Металлургпен» кездеседі

Sports.kz ақпараты бойынша, «Барыс» – «Металлург» матчының тікелей көрсетілімі Астана уақыты бойынша сағат 19:30-да басталып, «Qazsport» телеарнасында көрсетіледі.

20 матчтан кейін «Барыстың» активінде 23 ұпай, ал «Металлург» 20 ойында 29 ұпай жинады. Өзінің соңғы матчында «Барыс» Нижний Новгородтың «Торпедосын» (4:1) жеңді.