Аймақтар • 22 Қазан, 2022

Ұлттық мерекеге тарту

343 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Ұлттық мереке мәртебесін иеленген Республика кү­ніне орай Сыр бойында ресми іс-шаралармен бір­ге, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті наси­хаттауға арналған мә­дени бұқаралық іс-ша­ра­лар, қайырымдылық және қоршаған ортаны қор­ғауға бағытталған эко­логиялық акциялар ұйым­дас­тырылады.

Ұлттық мерекеге тарту

Қала мен аудандарда бірқатар әлеуметтік құрылыс нысандары ашылады. Балалар жылы аясында демеушілер қолдауымен салынып жатқан 80 ойын алаңының 67-сі пайдалануға беріледі. Со­ны­мен қатар қалалық автобус паркі жаңа көліктермен то­лық­тырылады. Жалпы 17-30 қа­зан аралығында жоспарланған мере­келік іс-шаралар халықтық сипатта өтеді. 

Мереке қарсаңында Жаңа­қорған ауданында жаңа демалыс паркі ел игілігіне берілді. Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәдени нысанды аралап, тұрғындар қуа­нышына ортақтасты. Облыс басшысы аудан халқымен кездесуде ұлттық мереке аясында өңірде жүзеге асатын жаңа бастамалар туралы айтты. 

– Туған жеріне тілеулес, ортақ іске жанашыр кәсіпкер азаматтардың қолдауымен айма­ғымызда жаңа нысандар бой көтеріп келеді. Бүгін тұрғындар серуен құрып, ой сергітіп, бой жазуына мүмкіндік беретін жаңа демалыс паркі пайдаланылуға берілді.

Мұнан бөлек, Балалар жылына сый ретінде қала, аудандарда 80 ойын алаңы салынып, басым бөлігі қолданысқа беріліп жатыр. Соның ішінде Жаңақорған ауданында 10 шағын спорт алаңқайы қазан айының соңына қарай ашылады, деді аймақ басшысы.

Өзге аудан орталықтарында кездесе бермейтін парк белгілі кәсіпкер Марлен Ысқақов жетек­шілік ететін «Азимут-М» жауап­кершілігі шектеулі серіктестігінің қаржысы есебінен салынды. Жалпы, құны  790 млн теңге болатын паркте тұрғындардың кешкі уақытта таза ауамен тыныстап, сауық құрып, серуендеуіне бар жағдай жасалған. Түрлі аттракциондар, субұрқақ, жазғы сахна, балалардың ойын алаңдары аудан тұрғындарға қызмет көрсетеді.

пн

Алдағы уақытта парк ішінен балаларға арналған кафе және неке сарайы салынбақ.

Демалыс паркі алаңында облыс әкімі халықпен кездесу өт­кізді. Басқосу барысында Нұр­лыбек Нәлібаев аудан жұртын алаңдатып келген мәселелер рет-ре­тімен шешімін тапқанын тілге тиек етіп, ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.

– Мемлекет басшысының қолдауымен өңірде ауқымды жо­баларды қолға алдық. Аз уақыт­тың ішінде түрлі деңгейде инвес­тиция тартып, қомақты жо­баларға республикадан қаржы әкеліп, көкейлеріңізде жүрген көп мәселені шешуге жол таптық.

Қазіргі таңда Жаңақорған ауданындағы облыстық, аудан­­дық маңызы бар жолдар мә­селесі шешімін тапты деуге болады. Бұл мақ­сатқа 180 млн теңге қаражат бөлінді. Енді тек ауылішілік жолдар мәселесі ғана қалып тұр. Оны да рет-ретімен жасаймыз. Ал білім саласындағы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы шеңберінде 19,5 млрд теңгеге жаңа мектептер саламыз. Заманауи үлгідегі 600 және 300 орындық 2 мектеп осы Жаңақорғаннан  бой көтереді, – деді облыс әкімі.

Байкенже ауылы тұрғын­дарының тілегіне орай жаңа білім оша­ғын тұрғызуға облыстық бюджеттен 100 млн теңге бөлініп, құ­ры­лысы келесі жылы басталады.

Облыс елді мекендерін газ­дандыру аясында биыл аудан­дағы Бірлік пен Қыраш ауылдары «көгілдір отынға» қосылады, оған 800 млн теңгеге жуық қаражат бөлінді. Келесі жылы тағы 5 елді мекенді қосу жоспарда тұр.

 

Қызылорда