Саясат • 22 Қазан, 2022

Мақсат-міндеттер белгіленді

346 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының атынан президенттікке кандидат Нұрлан Әуесбаевтың сайлауалды штабы жұмысын бастады.

Мақсат-міндеттер белгіленді

Астанада ұйымдастыру комитетінің отырысы өтті. Іс-шараға саяси кеңес мүшелері мен белсенділер қатысты.

Отырыста атап өтілгендей, сайлауалды штаб үгіт-насихат науқанын бастау­ға дайын. Кандидаттың сайлауалды бағ­дар­ламасы дайындалып, таратылатын мате­риалдардың, сыртқы жарнаманың дизайны әзірленген. Өңірлердегі өзекті мәселелерге қатысты халықтың пікірін жинау бойынша жұмыс жүргізілген.

Сайлауалды штабының басшысы Асхат Рахымжанов үгіт алдындағы жұмыс­тың қорытындылары туралы хабарлады. Оның айтуынша, ЖСДП кандидатын қолдау мақсатында еліміздің барлық өңірінде 121 мыңнан астам қол жиналған, оның 119 мыңы есепке алынды.

ЖСДП кандидаты өзінің үгіт-насихат науқанын Қарағанды облысынан бастайды. Ол бүгін Шахтинск қаласында жергі­лікті сайлаушылармен кездесу өткізбек.

Сондай-ақ отырыс барысында штаб өкілдері алдағы жұмыс жайын талқылап, негізгі мақсаттар мен мін­дет­терді белгіледі.