Президент • 22 Қазан, 2022

Бірнеше азамат Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды

388 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент Республика күні қарсаңында мемлекеттік наградалар туралы Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бірнеше азамат Алтын жұлдыз және «Отан» орденімен марапатталды

Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтау туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі үшін:

Жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Сүлейменов Қайырбек

Шошанұлы

ішкі істер органдарының ардагері, Астана қаласы.

 

  1. Қазақстан Республикасының әлеуметтік-гуманитарлық дамуындағы және өндірістік қызметтегі аса үздік жетістіктері үшін:

жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері»атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын:

Исабеков Дулат

жазушы, Алматы қаласы

Розметов Владимир

Фёдорович

«АтырауАгроӨнімдері» ЖШС директоры.

 

  1. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті

Қ.ТОҚАЕВ

Астана, Ақорда, 2022 жылғы 14 қазан

№ 1046